Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмолада имамдарға арналған 5 күндік семинар өтті

24.05.2016 3130 0 пікір

ҚМДБ-ның Ақмола облысы өкілдігі мамыр айының 15-19 күндері Ақкөл қаласында діни басқарма тарапынан қабылданған 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында,   имамдардың біліктілігін жетілдіруге арналған кезекті 5 күндік семинары өткізілді.

Семинарға Ақмола облысына қарасты барша аудан және қала имамдары мен облыстық мешіттің наиб имамдары қатысты. Бес күнге созылған семинарда алғашқы Республикалық Имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі»  және «Дін мен дәстүр», «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы»  құжаттары бойынша дәрістер жүргізілді. Хадис ілімі пәнінен Облыстық мешіттің наиб имамы Бақбасаров Нұрлан, Құран, Ақида, Фиқһ пәндері бойынша теолог Сманов Дінмұхаммед пен «Насихат» ҚБ директоры Алшынбаев Қанат өткізсе, деструктивті ағымдарға қарсы күрес жүргізу әдістері бойынша дәрістерді белгілі теолог Асқар Сабдин жүргізді.  

Семинар соңында Ақкөл қаласындағы барша зәулім әрі жаңа ғимараттары мен балабақша және шағын ауыл шаруашылық нысандарын аралап, ауруханалар мен балалар үйі зиярат етілді.

Алдағы  уақытта осындай семинар арнайы жоспарға сәйкес облысымыздың қалған аудан және қалаларында жалғасын табады.

 

Ақмола облысы «Науан Хазірет» мешіті баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру