Өткен аптада елімізге ресми іссапармен келген Сенегал мемлекетінің елшісі Мамаду Дэм және оның бірінші кеңесшісі Сулейман Анта Ндьяй «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы ат басын бұрып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Құрметті қонақтарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының өзі қарсы алып, қабылдау өткізді.
Сенегалдық делегация мүшелері мешіт ішін аралап, құнды жәдігерлерді тамашалап шықты. Сондай-ақ, мешіттің жоғары қабатында орналасқан Muslim.kz сайты мен «Хикмет» телерадиостудиясының бөлмелеріне де бас сұғып, жұмыс барысымен танысты. Бұдан соң Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қабылдауында болған сенегалдық қонақтар «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы көрсеткен ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Қазақы дәстүрімізге сай қонақтарға ұлттық бұйымымыз торсық сыйға тартылды.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.05.2016
3213
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру