20 мамыр күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсында дәріс алатын шәкірттер үшін ерекше күн болды. Қыркүйек айында қайта басталатын оқу бағдарламасының аяқталуына орай шәкірттердің білім деңгейлеріне сәйкес серитификат табыстау рәсімі болып өтті. Еліміздің ең үлкен мешіті ғана емес, оқу-білімнің ордасы ретінде қалыптасқан «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүл игі үрдістің өткізіліп келе жатқанына осымен үшінші жыл. Мешіттің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен былтырғы жылдан бастап шәкірттердің білім деңгейі мен оқу ұзақтығына орай І және ІІ дәрежелі сертификаттар табысталып келеді.
Елбасымыздың өзі ашылу салтанатында «білім мен ғылымның, мәдениеттің ошағы болуы тиіс» деп үміт артқан «Әзірет Сұлтан» мешіті бүгінде жамағаттың діни сауатын ашып, білімін арттыру жолынды жемісті еңбек етіп келеді. Діни сауат ашу курстарының жүйеге келтірілген тиімді бағдарламасының арқасында жыл сайын «Әзірет Сұлтан» мешітінен 400-ден шәкірт діни білім алып шығады.
Биылғы жылы оқу жылының нәтижесі бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат курсын тәмамдаған 268 ер және 198 әйел шәкіртке сертификат табысталды. Ең жас шәкірттердің қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталған салтанатты шара «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ақ батасымен жалғасын тапты. Асыл дінімізде білімнің дәрежесі қаншалықты биік екендігін атап өткен Бас имам мешіт имамдары мен ұстаздарының жұмысын сәттілік тіледі. Сауапты да жауапты қызметті абыроймен атқарып келе жатқан ұстаздар қауымына арнайы «Алғыс хат» табыстады.



















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.05.2016
3339
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру