Қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран жарысы болып өтті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Құран жарысына қатысуға мешіт шәкірттері арасынан 73 үміткер тіркелген болатын. Алдын ала өткізілген іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік шыққан алты шәкірт бүгін жамағат алдында ақтық сынға түсіп, екі бағыт бойынша өзара бақ сынасты. Оның бірі – қасиетті Құран Кәрімнің 30-парасы бойынша болса, екінші бағыт – қысқа сүрелер («Зілзала» сүресінен төмен) бойынша өткізілді.
ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, «Ғылмани» мешітінің бас имамы, қари Жұманазар Өсерханұлы және «Астана» медресесінің ұстазы Абдулмунгим Ибрагим сынды білікті ғалымдар қазылық еткен Құран жарысында шәкірттердің өнері үш талап бойынша сарапталды. Баллдық жүйе бойынша олардың жаттауына, тәжуид пен қырағатына жеке-жеке ұпай беріліп, қорытынды шешім сол нәтижелерге сәйкес шығарылды.
Құран жарысының қысқа сүрелер бағыты бойынша І-орын жүлдесі әділқазылар шешімімен Камалов Дәуренге берілді. Ұпай саны сәл кемдеу түскен Сәдуақасов Бекзатқа ІІ-орын бұйырды. Ал, Қамбаров Бексұлтан ІІІ-орынды місе тұтты.
Ал, сайыстың екінші бағыты – «Құран Кәрімнің 30-парасы бойынша сынға түскен шәкірттер арасынан І-орынға Жаңбырбаев Дінмұхаммед лайық деп танылды. ІІ-орынды Закиров Нұрбол иеленсе, Нығаматуллаев Сайдмұхаммед ІІІ-орын жүлдегері атанды. Жүлдегердің барлығы да арнайы Дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.05.2016
3239
0 пікір




















+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру