Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер емтихан тапсырды

23.05.2016 3568 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі «Орал» орталық мешітінде  ұйымдастырылған 9 айлық сауат ашу курсы аяқталып, ІІІ сатылы емтихан тапсырды.


9 айлық курста, Құран әліппесі, Пайғамбар тарихы, Ақида, намаз бөлімі бойынша арнайы білікті ұстаздар Гулжамал Ахметова мен Бархыт Абдирова дәріс берді. 9 айлық курсты жақсы оқып, нәтиже көрсеткен апа-қарындастарымызға ҚМДБ-ның БҚО-ның өкілі «Орал» облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан Сұлтановтың арнайы куәлігін табыс етті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Руслан Сұлтанов: «Әуелі ілімді рухани тәрбиеден бастау, асыл дініміздің құндылықтарын үйренуге құлшынудан тұрады. Бұл жолда мақсатқа жету үшін діни ілім алып, Алланы тануға  құлшынудан асқан бақыт жоқ», – дей келе, білім иелерінің екі өмірде де дәрежесінің жоғары болатынын жеткізді. Жамағаттың діни сауатының жоғары болуы, қоғам тыныштығының кепілі, мешіт ұстаздары мен имамдарының атқарған қызметтерінің нәтижесі. Алла баршамызға ауызбіршілікті, сауаттылықты нәсіп еткей.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру