
Қасиетті ораза табалдырығымызға тақап тұрған тұста «Таугүл-3» мешітінде тағы бір нысанның тұсауы кесілді. Бұл халыққа арналған діни шараларды өткізетін шағын ғимараттың ашылуын жиналған жамағат жақсылыққа жорып, арқа-жарқа күй кешіп жатты. Мешіттің аузы дуалы ақсақалдары баталарын беріп, Бас имам Нұржан қажы Таласұлымен бірге ашылу лентасын қиды. Тұсау кесіліп болған бойда ақсақалдар ішке кіріп, осы орында тұңғыш рет құран оқылып, дұға жасалды. Мамыражай мамырдың 20-жұлдызы күнгі жұмаға жиналған жұрт, «Таугүл-3» мешітінен татулық туын тағы бір мәрте тік көтеріп тастағандай тамаша көңілмен тарқасты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.05.2016
3382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру