Кеше Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан дін саласындағы жұмысын «Ақтөбе» медресесінде болды. Медресе Директоры Ә.Дәуренбеков өңіріміздегі діни ошақтың тыныс-тіршілігімен етене таныстырды. Оқу құралдары мен бағдарлама және оқу процесіне қаныққан өкіл имам медресе шәкірттерімен жүздесті.
Өкіл имам Т.Оспан өз сөзінде: «Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміздің арқасында өз елімізде осындай діни білім ошақтары қызмет етуде. Асыл діннің құндылығынан сусындап жатқан сіздер бақытты жансыздар. Биылғы бітіруші түлектерді өз өңіріміздегі мешіттерде қызмет етуге шақырамыз. Өйткені, қазіргі таңда аудан, ауылға діни кадрлар қажет» дей келе болашақ имамдарға ел арасындағы қызу пікір таласқа түсіп жүрген тақырыптарды терең зерттеп, зерделеуге үндеді.
Сонымен қатар Бас имам Төлеби Дәділұлы Есет батыр музейінде болып, баһадүр бабамыздың рухына құран бағыштады.
«Нұр-Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.05.2016
3418
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру