Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"ЗЕКЕТ" қоры тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қайырымдылық дастарханын жайды (ФОТО)

19.05.2016 3852 0 пікір

«Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігі жағдайы төмен отбасыларға ұдайы көмек қолын созып келеді. Бүгінгі өткен іс-шара да соның бір парасы. Астана қаласында орналасқан «Mumtaz» халал мейрамханасымен бірлесе отырып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 22 балаға арналып қайырымдылық дастарханы жайылды.

Ата-аналарымен келген кішкентай бүлдіршіндер арнайы құрылған ойын алаңында ойнап көңіл серпітті. Артынша жайылған дастарханнан отырып дәм татты. Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған шоу да кішкентайлардың таңданысын тудырды. Отырыс соңында алдын ала әзірленген сыйлықтар үлестіріліп, қамкөңіл балалардың көңілінде қуаныш ұялады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру