
Бүгінде Хақ дініміздің атын жамылып, жастарымыздың санасын улап жүрген жат ағымдардың санында шек жоқ. Тәуелсіз еліміздің берекесін кетіріп, діни сауатсыздандыру мақсатын көздеген аталмыш ағымдармен күрес бүгінде қарқынды жүріп келеді. Нәтижеде жоқ емес. Діні мен бірлігі бекем елдің биік белестерден көрінері де анық. Бұл тұрғыда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біздің тарихи таңдауымыз – зайырлы мемлекет пен қоғам. Бірақ зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз-ілгерішіл, бейбіт сүйгіш, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерді қолдаймыз, бірақ кез-келген экстремизмді үзілді-кесілді теріске шығарамыз» деп атап өткен еді. Осы мақсатта облысымызға келген Республикалық ақпараттық - насихаттық тобының мүшесі Серікжан Еншібайұлы Индер ауданы «Борат» мәдениет үйінде 17 мамыр күні «Зайырлы қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы» тақырыбында тұрғындармен кездесті. Кездесуге РАНТ мүшесімен бірге облыс дінтанушылар да қатысты.
Аталған іс шарада дін қызметкерлеріне түрлі діни сауалдар қойылып, көкейлерінде жүрген сұрақтардың жауабын алып, жиналған халық ризашылықпен тарқасты.
Бесін намазынан соң «Әйіп қажы» мешітінде шараның жалғасы Республикалық ақпараттық - насихаттық обының мүшесі, Ақтөбе қаласының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының уағыз айтуымен жалғасын тапты. Келген қонағымыз жиналған мешіт жамағатына ауызбіршілік, ынтымаққа шақырып, әр түрлі фитна шығарып жүрген топтардан аулақ болып, имамның жанынан табылуға шақырды.
Сонымен қатар, 18 мамыр күні "Құспан молла" мешітінде аұшам намазынан кейін, Пайғамбарымыздың өмір жолы туралы уағыз-насихат айтып, "Бірлік бар жерде тірлік бар" демекші, бірлігі жарасқан елдің қашанда көк туы мәңгілік желбіремек" деп жамағатты бірлік пен ынтымаққа, бір имамға ұйып, дінімізді көркем насихаттауға шақырды.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.05.2016
3911
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру