Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

19.05.2016 3472 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде алда келе жатқан қасиетті  Рамазан айында атқарылар шараларды пысықтау мақсатында жиналыс өткізілді.

Жиналысқа облысқа қарасты барлық аудан және қала имамдары қатысты. Күн тәртібінде Рамазан айындағы азық-түліктердің бағасының қымбаттауына , ішімдіктердің сатылмауына ықпал ету, тұрғындарды сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарына насихаттық мақалалар жариялау, қайырымдылық шараларын күшейту, ауызашарлар ұйымдастыру секілді мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, биыл да жылдағы дәстүр бойынша орталық мешіт тарапынан Рамазан айының құрметіне шығармалар байқауы ұйымдастырылып, үздіктер Қадір түнінде марапатталатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

aa9e1af1-9728-476c-958f-f3dd4196f1d9


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру