Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр ардагеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

18.05.2016 3465 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы тарапынан облысымыздағы бірқатар ардагерлерге құрмет көрсетілген болатын.

Оның ішінде облысымызға есімі танымал, қарт майдангер Қалиев Ыдырыс атамызды білмейтіндер кемде –кем. Орталық мешіт тарапынан «Үлгілі отбасы» деп танылған ардагерге ерекше құрмет көрсетіліп, мешіт ұжымы Ы.Қалиевтің отбасында болды.

Өнегелі өмірімен баршаға үлгі бола білген еңбек және соғыс ардагері, қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Ы.Қалиев Отан үшін от кешкен естелік жылдары туралы әңгімесінен сыр шертті.

Өз кезегінде мешіт ұжымы арнайы сый-сияпатын ұсынып, ниеттерін жеткізді. 

 

                                               Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру