Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықтады

18.05.2016 3380 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов облыс, қаланың  бас имамдары, найб имамдары мен медресе ұстаздарын Рамазанға дайындығын пысықтау мақсатында кезектен тыс жиын өткізді.

Сондай-ақ жиын барысында Рамазан айын барынша тиімді өткізу үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырып, Рамазанға ҚМДБ-ның арнайы берген тапсырмаларымен таныстырды.

Атап айтқанда мешіттерді жарықтандыру, оразаның біркелкі кестесімен жүру, оразаға арнайы кітапша шығару, қайырымдылық шаралар өткізу, ауызашарларды жүйелі ұйымдастыру, әр мешітте хатыммен ораза тарауих өткізіп, елдің ынтымағын нығайтуға жұмыс жасауға шақырды.

Сонымен қатар телеарналарға шығудың тәртібі мен әдептері жөнінде сөз қозғалып, бұл жөнінде арнайы семинар өткізу жөнінде жоспары талқыланды.

Руслан Тыныштықұлы барша имамдарды ҚМДБ-ның тарапынан берілген  тапсырмаларды бұлжытпай орындау арқылы осы жылғы қасиетті ораза айын жоғары деңгейде өткізуге шақырды.

ҚМДБ-ның БҚО  бойынша баспасөз қызметі

DSC_0071

DSC_0092

DSC_0101

DSC_0113

DSC_0121

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру