Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті байқаудың 1-кезеңін өткізді (ФОТО)

18.05.2016 3916 0 пікір

Діни басқарманың ұстанып отырған негізгі бағыты жас ұрпақтың бойына «дәстүрлі құндылықтарға негізделген діни сана қалыптастыру» екені аян. 

Осы үлкен мақсатты біртіндеп жүзеге асыру  бүкіл халықтың жұмыла көтеретін жүгі әрі бойында ұлтына деген сүйіспеншілігі бар әр азаматтың абыройлы міндеті. ҚМДБ-ның  2014-2018 жылдарын  «Дін мен дәстүр» жылдары деп жариялауы, ҚМДБ-ның бастамасымен  «Дін мен дәстүр» атты кітап жарыққа шығуы,  сондай-ақ биылғы 2016 жылды «Тарих және тағылым жылы» деп жарияланып мешіт  имамдарымен  дін қызметкерлерінің  атсалысуымен еліміздің түкпір-түкпірінде аталмыш тақырыптарда бірқатар игі шаралар  атқарылды.

Осы шаралардың бір парасы ретінде Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 20 сәуір және 04 маусым айлары аралығында «Дін мен дәстүр» кітабы негізінде өткізілетін «Дәстүрім-тірегім, дінім-діңгегім» атты облыстық білімпаздар байқауын жариялаған еді.

Жуырда аталмыш конкурстың бірінші кезеңі Павлодар қаласындағы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының  үлкен дәріс залында жүргізіліп, конкурс шартына сай 16-25 жас аралығындағы 82 үміткер қатысты. Байқауды ұйымдастыруда  білікті дін қызметкерлері, тіл мамандары мен облысымыздағы ЖОО профессорлары атсалысуда. Бұл кезеңде талапкерлер «Дін мен дәстүр» кітабы аясынан алынатын «Дін мен дәстүр» тақырыбына арналған шығарма, эссе жазулары керек.  Конкурстың сарапшылары бұл кезеңде үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді құруына, сөз қолданысының шеберлігіне, дін мен дәстүр жайлы түсінігі мен біліміне, оқырманға ойын тұщымды жеткізе алуына,  қаламгерлік қабілет-қарымына баса назар аударып, ең көп ұпай алған 20 үміткер байқаудың 2-кезеңіне қатысуға жіберілді.

Байқаудың келесі кезеңдері 21-ші және 25-ші мамыр күндері жүргізіліп, марапаттау шарасы қасиетті Рамазан айы басталардан бір күн бұрын, яғни 4-маусым күні өтеді.

 Еске сала кетсек, байқаудың бас жүлдесі  – автокөлік, 1-орын – скутер, 2-орын үй кинотеатры, 3-орын – ноутбук және 5 ынталандыру сыйлығы – смартфон телефондары. Сондай-ақ, қатысушылар «Дәстүрім – тірегім, дінім – діңгегім» атты облыстық білімпаздар конкурсының дипломы және алғыс хаттарымен марапатталады.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

  

«Дәстүрім-тірегім, дінім-діңгегім» атты облыстық байқаудың екінші кезеңіне жолдама алған үміткерлер тізімі

1.Әміржанова Талшын  99.2%

2.Кетікова Жазира 98.0%

3.Оразбек Саяхат 97.8%

4.Амренов Ерболат 97.4%

5.Қуанар Өзгеріс 95.8%

6.Жиенгүл Күлжан 95.4%

7.Әміренов Фархад 95.0%

8.Адалбек Мұратхан 94.2%

9.Усенова Назерке 94.4%

10.Шакиров Арыстан 90.4%

11.Тәткен Төлеген 90.8%

12.Дәулетхан Жанаргүл 89.2%

13.Серікхан Сейіл 88.2%

14.Мүфтан Бұғыбайдолла 89.8%

15.Ислямова Улпан 88.2%

16.Эсен Нұрғайым 87.0%

17.Еркіндік Ақарыс 95.4%

18.Хавлахас Азамат 89.8%

19.Жусупова Алтынай 88.0%

20. Нургазинов Олжас 87.0%

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру