Өңірімізде дәстүрлі исламды насихаттау, діни экстремизм мен терроризм идеялары таралуының алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық - насихат тобының мүшесі Серікжан Еншібайұлы өңірімізге келіп, жамағатпен кездесу ұйымдастырып, келелі уағыз насихат жүргізуде. Мамыр айының он алтысы күні қаламыздағы Қ.Мұңайтпасов және «Әттақуа» мешіттерінде екінді мен ақшам намаздарынан соң, жамағатқа «Жамағат берекеті - ынтымақта» тақырыбында уағыз айтты.
«Кімде кім бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлініп кетсе әрі сол кеткен күйінде өлетін болса, онда ол надандық өліммен өлген болып есептеледі». Ал қоғамның тыныштығын бұзатын бүлік пен іріткі салушылыққа Алла тағала қатаң түрде тыйым салады. Қасиетті Құранда бұл мәселе жайында мынадай аят келтірілген: «Бүлік шығару адам өлтіруден де ауыр (күнә)»- деп. Сондықтан Алланың бізге нәсіп еткен тыныштығын сақтап, бөліну мен алауыздықтан сақтанайық!»,- деп Республикалық ақпараттық - насихат тобының мүшесі Серікжан Еншібайұлы жамағатты бірлікке шақырды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2016
3306
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру