Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Республикалық ақпарат-насихат тобы — солтүстікте

18.05.2016 3627 0 пікір

ҚМДБ-ның жоспарына сәйкес 16-20 мамыр аралығында Республикалық ақпарат-насихат тобының мүшесі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы, «Әл-Әзһар» университетінің түлегі Тағаев Нұрболдың өңірімізде болды.

Алғашқы күні «Қызылжар» орталық мешітінің жамағатымен кездесіп, «Ғалымдар — пайғамбарлардың мирасқорлары» тақырыбында уағыз айтты. Келесі күні жергілікті ақпарат-насихат тобымен біріге отырып, Айыртау ауданындағы №164/8 түзету абақтысында діни бағыттағы сотталған азаматтарға «Әбу Ханифа мазһабының өміршеңдігі» тақырыбында уағыз айтты. Сонымен қатар, жат ағым жетегінде кеткен жазасын өтеушілермен жеке сұхбаттар жасап, діни тұрғыда мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Сол күні аудан орталығында №1 қазақ орта мектебінде болып, 10-11 сынып оқушыларына «Жат ағымдардың зардабы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек, ауданның орталық мешітінде аудан имамдарымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуда имамның тұлғалық келбеті жайында сөз болды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 


  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру