Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

17.05.2016 3313 0 пікір

Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің қалыптасқан дәстүрі бойынша әйел жамағатына арналған жексенбілік уағыз болып өтті. Мешіттегі діни сауат ашу курсында дәріс алатын нәзікжанды шәкірттерге бұл жолы белгілі исламтанушы, ұстаз Ақбөпе Қуанышқызы дәріс өтті. «Әзірет Сұлтан» мешітінде діни сауатын ашып, имандылыққа бет бұрған бойжеткендерден бастап, ақ жаулықты апаларымызға дейін тегіс жиналған кездесу барысында білікті ұстаз «Аллаға шынайы махаббат» тақырыбында уағыз айтып, қыз-келіншектер үшін керекті кеңестерімен бөлісті.

Бесін намазынан соң басталған кездесу кешке дейін жалғасын тауып, әйелдер жамағаты үшін әсерлі аяқталды. Қалыптасқан үрдіс бойынша кездесудің соңы әдеттегідей сұрақ-жауапқа ұласып, көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілді тақырыптар тарқатылды. Кездесу соңында Ақбөпе ұстазға апа-әжелеріміз алғыстарын жаудырып, ақ баталарын арнады.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру