Жексенбі күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде сауат ашу курсынан дәріс алып жүрген әйелдер жамағаты сынақ тапсырды. Мешіттің ұстазы Гаухар Жұмағалиеваның айтуынша, Діни басқарманың 3 айлық сауат ашу курсы бойынша ұйымдастырылды. Яғни бағдарламаға сай аптасына 5 рет дәріс оқытылды. Шәкірттердің ең жасы 18 де болса, үлкені 50 жаста. Ақпан айынан бастап оқып жатқан топтағы 50 қыз-келіншек кезекті курсты тәмамдап, оның 25-і емтиханға жіберілді.

Іріктеліп шыққан 25 әйелден сынақ алып жатқан орталық мешіттің найб имамы Елдар Атибеков пен қалалық мешіт ұстазы Аюб Қалымет билет жүйесі бойынша емтихан алды. Билеттегі сауалдар тәжуид ережелері, ақида, сияр, фиқһ бойынша қойлған. Сонымен қатар Құран оқу деңгейін тексерді.
Нәтижесінде, сынақтан сүрінбей өткен әйелдерге сертификат беріліп, білімдерін бұдан әрі де шыңдай беруіне тілек білдірді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.05.2016
3805
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру