Маңғыстау облыстық орталық мешітінің қызметкерлері мен жамағаты сенбі күні Каспий теңізі жағалауында демалыс ұйымдастырды. Теңіз самалымен бой сергітіп, әрі мұсылмандардың бір-бірімен өзара бауырмалдық қатынасын күшейту мақсатында жасалған шараға Мұнайлы аудандық мешіті, Шетпе кенті мешіті, Құрық ауылдық мешітінің де намазхан азаматтары келіп қатысты.
Өкіл имам С.Сейтбеков мұсылмандар бас қосқан сәтті қалт жібермей, «Мұсылман мұсылманға бауыр» тақырыбында уағыз айтты.
Көңілді демалыстың соңы елуге жуық мешіт жамағатының теңіз жағасында сенбілік ұйымдастыруыменен жалғасты. Олар жағалауды целлофандар мен құтылар, адамдар қалдырған пластмасса ыдыстардан тазартып, алпыс қап қоқыс жинады.
«Мұсылман адам өзіне қалаған нәрсесін мұсыман бауырына қаламайынша толық иман еткен болып саналмайды» деген Пайғамбар хадисіне амал еткен мешіт жамағаты өз демалыстарын осылайша көңілді де сауапты іспен өткізді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.05.2016
4118
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру