Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада ардагерлер ардақталды

16.05.2016 3109 0 пікір

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – деген екен.

Олай болса, үлкенге құрмет көрсетіп, оларды ардақтау әрбір мұсылман үшін міндет болып саналады десек артық айтқандық емес.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен облысымыздағы ардагер, ақсақалдар, ҰОС-ның ардагерлергі ардақталып, «Алтын сарай» мейрамханасында  арнайы дастархан жасалды.

Дастархан басында ақсақалдарымыздың келелі әңгімелері тыңдалып, шежірелі тарихтан сыр шертілді.

Өз кезегінде қатысушылар мешіт ұжымына ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру