Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр-Мүбарак» университетінің 60-тан аса студенті иджаза алды

13.05.2016 7019 0 пікір

Яғни қасиетті Құранды Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткеніндей оқуға қол жеткізіп, оған ресми түрде рұқсатқа ие болды.


Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің»,-деген.  Осы асыл сөзге амал етіп, еліміздегі ислам ілімінің туын көтерген  «Нұр-Мүбарак» университетіне оқуға түсіп, Алланың  қасиетті кітабы Құранды ұлықтап, жаттап жүрген студенттердің бірқатары  міне «иджаза» алды. Яғни қасиетті Құранды Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткеніндей оқуға қол жеткізіп, оған ресми түрде рұқсатқа ие болды. Қари-хафиздарға «Нұр-Мүбарак»  университетінде ұстаздық етіп жүрген Египет Араб Республикасының әл-Әзһар университетінің докторы әс-Сәид Абдулмажид әс-Саид Мұхаммедтен Құран Кәрімді Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хафс ибн Сүлейман риуаяты бойынша жеткен қырағатпен оқу және Құранды толық не белгілі бір сүре, параларын жатқа айтудан иджаза (рұқсат) беріп, бұл университет ректоры профессор Жуда Абдулғани Басюни тарапынан  куәләндырылды.

Студент-хафиздар Шохан Уәлиев пен Нұрболат Қазбеков  Құранды толық жатқа оқумен қатар «Ән-Нәуәуидің 40 хадисін» де жатқа айтудан ұстаздарынан  иджаза алды. Ал қалған қари-студенттер Құранның бірнеше пара, сүрелері бойынша  иджаза  алса, олардың қатарында ынта-ықыластарымен бір топ қыз-келіншектер де қуанышқа кенелді. Иджаза алған 63 қаридың арасында алматылық 12 жасар Кенешбай Шохан мен оның інісі 9 жасар Қуаныш та бар.

- Біз өте қуаныштымыз. Нұр-Мүбаракта қасиетті Құраннан мықты ұстаздар болған соң, олардың бос уақыттарына туралап арнайы келіп тапсырып жүрген едік. Балаларым 7 жастан бастап Құран жаттап келеді. Күніне 3 беттен жаттап, бірі 3 пара бойынша, үлкен ұлым 11 парадан иджаза алды,-дейді қос қаридің әкесі Нұрлан Кенешбай ағынан жарылып.

Осылайша «Нұр-Мүбарак» университетінің тарихы елге сүйінші айтар тағы бір қуанышты жаңалықпен толықты. Хафиз-қариларымызға әрдайым сәттілік пен Алланың қолдауын тілейміз!

 

nmu.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру