Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет Бүкіләлемдік экономикалық форумы (World Economic Forum ) гендерлік бастамалар мен жұмыспен қамту атқарушы комитетiнің мүшесi Саадиа Захидиді қабылдады.
Бас имам кездесу барысында қазіргі Қазақстандағы діни ахуал мен тұрақтылық, Алматы қаласындағы мешіттердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы сөз етті.
«Еліміздің діни және ұлтаралық татулықтың қасиетті ордасына айналғанын қазіргі таңда әлем мойындады десек, артық айтқандық емес. Ислам діні еліміздегі бірлік пен ынтымақтың тірегі. Осының нәтижесінде еліміз биіктерге қол жеткізіп келеді. Қазақстанда көптеген ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір сүріп, еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етуде», – деді Нұрбек Есмағанбет.
Өзкезегінде Саадиа Захиди мұсылман елдерінде әйелдер қоғамдық өмірдің барлық саласында табиғи жаратылысына сай еркін әрекет етіп, бақытты ғұмыр кешіп жатқаны туралы кең көлемді еңбек жазу ойында бар екенін жеткізді.
Кездесу соңында бас имам қадірлі қонаққа қазақы дәстүрмен Алматы орталық мешітінің атынан сыйлық табыстады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.05.2016
3386
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру