Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отыз жыл өтсе де оңалмаған жара

12.05.2016 3814 0 пікір

«Нұр-Мүбарак» университетінің бірінші курс студенттері арасында  Чернобыль апатының 30 жылдығына орай арнайы  ашық сабақ өткізді. Әрине сонау Кеңес дәуірі кезінде 1986 жылы 26 сәуірде Украинада болған Чернобыль атом электр станциясының жарылысы қазақстандықт арды айналып өткен жоқ. Себебі, сол кезде апат аймағына 15 одақтас республикалардан көмекке жұмылдырылғандар арасында  31 720 қазақстандық азамат болған еді. Қазір олардың тек 6 210 ғана тірі қалған.

Болашақ исламтанушылар  бұл шараға ерекше дайындықпен келіпті. Маңызды мәліметтерге толы  арнайы слайдтық көрсетілімдер, баяндамалар жасап, атомдық зардаптар жайлы өлең-жырлар орындады. Университеттің Жалпыуниверситетік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Бәйнеш пен осы кафедра оқытушысы  педагогика ғылымының магистрі  Маржан Жолмағанбетованың ұйымдастыруымен өткен тәрбие сағаты студенттерге терең ой салғандай. Себебі халықаралық ұйымның мәліметінше 1986-2005 жылдар аралығында апаттың залал-зардаптарын жоюға қатысқан 600-дей адам көз жұмған. 1,8 млн.  адам мүгедектер қатарына қосылған.  Ал  әлемді дүрліктірген мұндай оқиғаның  қазақ даласындағы  бір ғана Семей полигонында жарты ғасырға жуық уақыт бойы 456 ядролық жарылыс жасалып келген. Оның зардабы мен зияны 116 Чернобыль оқиғасына тең саналады. Өкініштісі, әлемдегі қоғамдастық бұл қазақ қасіретіне жұмған аузын ашпай, әлі күнге тиісті бағасын бермей келеді.

Осының барлығын жан-жақты талқылаған болашақ исламтанушылар әл-Фараби бабамыздың «Білімнен бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген даналығына тағы көз жеткізгендей. Осылайша «Адамзатты қиянатқа  ұшырататын қасіреттің бүкіл емі – ата-бабаларымыздың сара жолы ислам дінінде» деген шүбәсіз  ойларын ортаға салып, өзара пікір  алмасты.         

Айша КЕҢЕСБАЙ

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі 

 

chernobl2016

 chernobl32016

 chernobl22016

 chernobl42016

 chernobl52016

 chernobl62016

chernobl72016


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру