Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дін және тарих тағылымы» жылы Қатонқарағайда! (ФОТО)

11.05.2016 4459 0 пікір

Діни басқарманың бастамасымен жарияланған  «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында «Дін және тарихи сабақтастық» атты семинар болып өтті. Іс-шараны ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Қатонқарағай аудандық «Қабдығали ата» мешіті ұйымдастырды.

Шараға Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы және Өскемен аймағына қарасты аудан имамдары, осы ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы, дінтану мұғалімдері және жамағаттар қатысты.

Семинарда дін мен тарих арасындағы сабақтастыққа байланысты салиқалы баяндамалар оқылды.

Сонымен қатар өкіл имам «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында Өскемен өңірінде атқарылатын шараларға да тоқталды.

Басқосуды Қатонқарағай аудандық «Қабдығали ата» мешітінің Бас имамы Ш.Хидиров қорытындылап қатысушыларға алғыс білдірді.


Бұдан соң Ермек қажы Тасболатұлы бастаған облыстық және аудандық мешіттердің имамдары Қатонқарғай ауданындағы әйгілі Берел қорғанына зиярат жасап қайтты.

Шараның мақсаты: тарихымызды кеңінен насихаттау, өңірдегі тарихи мекендерді танытуға бағытталған.

Қатонқарағай аудандық мұражай қызметкері Берел қорғанынын имамдарға  жан-жақты таныстырды.

Алтай алқабындағы «Патшалар жазығы» аталатын осынау қорғанның тарихи маңызы ерекше.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы:

«Берел еліміздегі аса маңызды тарихи мұраларға бай өлке ретінде белгілі. Бұл жерден екі жарым мың жыл бұрын жерленген сақ, түркі тайпасының көсемдерінің табылуынан тарихымыздың тым тереңде екендігін байқауға болады» деп атап өтті. Сонымен қатар өкіл имам осы өлкеге «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында бірнеше экспедиция ұйымдастыру жоспарланып отырғандығын да жеткізді.


 

                                                                             Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа  Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру