Дін насихат демекші асыл дініміз уағыз-насихат арқылы қанат жаятыны белгілі. Имандылыққа бет бұрған жамағат дұрыс уағызға мұқтаж. Осы орайда Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Қарақия аудандық мешітке арнайы барып, шам намазына имамдық етіп, намаздан кейін «Мұсылман адам қарапайым болуы тиіс» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында мына бір ғибрат алатын хадиске тоқталып өтті: бірде бір кісі Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Ей, Алланың Елшісі! Маған сондай амал үйретіңізші, сол амалды жасағанда Алла мені жақсы көрсін, адамдар да мені жақсы көрсін», - деп өтініш жасағанда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Алланың берген нығметіне шүкір ет, сонда Алла сені жақсы көреді. Өз қолыңдағыға қанағат ет, өзгелердің қолындағына қызықпа, сұрама, сонда адамдар да сені жақсы көреді», - деп жауап берген екен. Мұсылман адам осы айтылғанды орындаса, Жаратушы мен жаратылғандар алдында сыйлы болмақ.
«Мұсылман адам өзгелерге үлгі болуы үшін алдымен өзі тақуа, қарапайым болуы тиіс» деп уағызды қорытындылаған өкіл имам жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.05.2016
3179
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру