Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарды серпілткен семинар (ФОТО)

11.05.2016 3734 0 пікір

Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде «Имамның тұлғалық келбеті» атты семинар болып өтті. Жиналған қалалық, аудандық және ауылдық мешіттерінің имамдарына ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев имамның сыртқы келбеті және қызметтік талаптары туралы сөз жүргізсе, Сарыағаш медресесінен арнайы келген ұстазы А. Сманов имамдарға қызмет барысындағы түрлі қыр-сырларымен бөлісіп, имамдарды тақуалыққа, үлгі-өнегелікке шақырды.

Сол күні кешкі ақшам намазы мен құптан намазы арасында А. Сманов жиналған жамағатқа жанұядағы татулық, береке-бірлік туралы уағыз жүргізіп, жамағаттың сан-алуан сұрақтарына жауап берген соң, елімізге тыныштық, патшамызға тауфиқ сұрап, батасын берді.

Талдықорған өңірі бойынша

 баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру