Бүгін Павлодар қаласында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен ІІІ Республикалық турнирге іріктеу сайысы болып өтті. Павлодар спорт бөліміне қарасты «МИР» спорткешенінде өткен сындарлы сайысқа облысымыздағы мешіттер жамағаты ішінен алдын ала іріктеліп, үкілеп боз кілемге шығарған 24 балуан қатысып, күш сынасты. Дүбірлі додаға Қазақ күресі федерациясының ұллтық дәрежедегі төрешілері етіп, қалалық спорт бөлімінің білікті мамандары қолдау көрсетті. Бас төреші халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «облыс Барысы» Дархан Жоламанов.
Кілем үстіндегі айқасқа шыққан 24 балуан олимпиадалық жүйе бойынша сынға түсіп, ІІІ Республикалық турнирге берілетін жолдаманы сарапқа салды.
Бір мәрте жеңілген балуан жарыс жолынан шығарылып, ұпайы түгел түсіп, қарсыласын ұтқандары сайыстың ақтық мәресіне шықты. Биылғы бәсеке 74 келіге дейін және 74 келіден жоғары екі салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылғандықтан, алты балуан жүлделі орындарға ие болды.
«Бұқа балуан» атағына ие болғандар: екібастұздық Ахметов Мейрам (І орын), ақтоғайлық Саттар Нұрлан (ІІ орын), кенжекөлдік Бекхожинов Темірболат (ІІІ орын).
Ал «Түйе балуандар» салмақ дәрежесі бойынша І орынды «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағаты павлодарлық Саян Қайырбергенов жеңіп алса, Ақтоғай ауданынан келген қайратты күрескер Иманжүсіп Ахметов иеленді. Айта кету керек, Саян мен Иманжүсіптің күресі өте тартысты өтті. Негізгі уақыт ішінде ұпайлары тең түсіп, бірін-бірі ала алмаған азаматтар – қосымша белдесу бәсекесіне шығып, бұл жерде Саянның бағы жанды. ІІІ орынға «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағаты Дүйсенбинов Аманжол ие болды. Сонымен қатар үшінші орынға шығу жолындағы тартыс кезінде зақым алып, жарысты жалғастыра алмаған Зарипов Рустам арнайы мақтау қағазы және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Іріктеу сайысына қатысқан 24 балуанға және жүлдегерлерге ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Нариман қажы Ермекұлы «Алғыс хат» және ақшалай жүлделерді табыстады. Жүлделі орынға ие болған төрт балуан мамыр айының 27-жұлдызында болатын ІІІ Республикалық турнирде Астана қаласының намысын қорғайтын болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.05.2016
3729
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру