Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін мешіт жамағаты арасында қазақша күрестен ІІІ республикалық турнирге қатысу үшін Ақтау қаласында іріктеу өтті.
Маңғыстау облыстық орталық мешіті және Маңғыстау облысы дене шынықтыру мен спорт басқармасы бірлесе отырып, мамыр айының 7-і күні «Мұнайшы» стадионында мешіт жамағаттары арасында қазақша күрестен жарыс ұйымдастырды. Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков жарысты ресми түрде ашып, жарыстың ережесімен таныстырды. Жарыстың ашылу салтанатында өкіл имамы С.Сейтбеков: «Бүгін Бас мүфти жүлдесі үшін өтетін республикалық турнирге облысымыздан іріктеу өтеді. Алғашқы үштікке кірген балуандар Алла бұйыртса мамыр айының 27-ші жұлдызы күні Астана қаласында өтетін жарысқа жіберілетін болады» деп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Өкіл имам Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік жасаған Маңғыстау облысы дене шынықтыру мен спорт басқармасына алғыс айтты.
Турнир ережесіне сай 74 кг салмақтан жоғары балуандар ғана жарысқа қатысты. Жарысқа мешіт жамағаты арасынан 21 балуан тіркеліп, тартысты да, қызықты өткен жарыс барысында оза шапқан балуандар алғашқы үштікке таласты. Жарыс мәресіне жетіп, 1, 2, 3 орын алған балуандар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Астана қаласына жолдама алған балуандар мыналар:
1-ші орын Тұрғанбаев Ерлан – Ақтау қаласы
2-ші орын Күзембаев Ғабит – Жаңаөзен қаласы
3-ші орын Динасилов Ерлан – Жаңаөзен қаласы
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.05.2016
3281
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру