Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Білім сайысы дарындылардың жолын ашты

06.05.2016 3129 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы «Алтай» қайырымдылық мекемесінде шәкірттер арасында «Білімдінің жолы – жарық» атты сайыс болып өтті. Шәкірттерді ынталандыру, олардың ислам дініне деген құштарлығын арттыру, білімге талпынған өрендерді қолдау – білім жарысының негізгі мақсаты.

Бұл жарысқа Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті  мен мекеме ұстаздары төрелік етті.

Сайысқа осы мекеменің үздік шәкірттері қатысып, олар өзара Құраннан сайысқа түсті.

Білім бәйгесінде білім-біліктіліктерін сарапқа салған алғыр шәкірттердің ешқайсысы да өздеріне қойылған сауалдарға мүдірмей жауап беріп, жоғары деңгей көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша озып шыққандарға облыстық «Халифа Алтай» мешітінің атынан сыйлықтар табыс етілді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру