Көктем айы келіп, күн жылынғалы бері «Әзірет Сұлтан» мешітіне келушілердің көбейіп келе жатқаны байқалады. ТМД көлемінде теңдесі жоқ алып мешітке тек Астана тұрғындары ғана емес, алыс-жақын шет елдерден келген қонақтар да жиі бас сұғады.
Кеше Астана қаласына ресми іссапаррмен келген Қытай Коммунистік партиясы орталық комитеті саяси бюросының мүшесі, Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) партия комитетінің хатшысы Чжан Чуньсян «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп қайтты. Мәртебелі мейманды «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы қарсы алып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Мешіттегі көне жәдігерлерді тамашалап, Ислам діні жайлы сауалдарына тұщымды жауап алған Шыңжаң аймағының басшысы өз ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.
Ал, бүгін Ақордада Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болып, екі ел арасындағы экономика және инвестиция ынтымақтастығы жайын талқылаған Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевский кездесуден кейін «Әзірет Сұлтан» мешітіне кіріп шықты. Мәртебелі мейманды мешітімізге ҚР Сенатының төраға орынбасары Асқар Бейсенбаев бастап келді. Польшадан келген делегация мүшелерін «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қарсы алып, құлшылық ордасын аралатты. Мешіттегі жылы жүздесуге ризалығын білдірген Станислав Карчевский арнайы әкелген сыйлығын тарту етті.






muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.05.2016
3736
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру