Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

05.05.2016 3408 0 пікір

Атамыз қазақ «Апат айтып келмейді» дейді. Себебі, ешкім де алдында не күтіп тұрғанын білмейді.

Облыс орталығынан алпыс шақырымдай жерде жатқан Қостанай ауданының Суриков елді-мекенінде су көбейіп кетіп біраз тұрғындар баспанасыз қалғанын баршамызға мәлім.

Жерлестерміздің басына түскен мұндай жағдайға бей жай қарай алмаған қостанайлық мешіт қызметкерлері мен жамағаты қолдау көрсету мақсатында «Жомарттық жұмаққа жетелейді» деген тақырыппен тағы да қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамының өзі бас болып, аталған елді-мекенде болды. Ондағы қиыншылықты бастан кешіп отырған тұрғындармен бетпе-бет жүздесіп, олардың қиыншылықтарын бөлісуге тырысты.

Су тасқынының зардабын тартқан азаматтар өздеріне қайырымдылық көрсеткен жомарт жандарға шексіз алғысын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру