«Дін және тарих тағылымы» жылы аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Өскемен орталық мешітінің» бастамасымен Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Дін және тарих» атты кездесу өтті.
Шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Зауатбек Сайлауұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Әділ Сайлау, қалалық мешіттердің имамдары мен осы оқу ордасының қабырғасында білім алып жүрген студенттер қатысты.
Кездесуде «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибраһим қажы Қарнақбайұлы және тарихшы Әділ Сайлау, «Өскемен орталық мешітінің» бас имамы Бауыржан Джумабековтер тарихпен діннің үндестігі жайлы тағылымды баяндама жасады.
Студенттер тарихи деректерге толы әңгімені қызыға тыңдады.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2016
3023
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру