Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өліге құрмет - тіріге міндет

05.05.2016 3459 0 пікір

ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда жер-жерлерде мешіт ұжымы мен жамағаттарының бастамасымен зияраттарға тазалық жұмыстарын жүргізу шарасы ұйымдастырылуда.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы орталық бейітте сенбілік өткізілді.

Шараға өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы басшылық жасап, қатысушыларға сауапты істер, тазалық жұмыстары жөнінде насихатын жеткізіп, жыл сайын қолға алынып отырған сауапты іске ұйытқы болып,  тазалық  жұмысына жұмыла  атсалысқан барлық мұсылмандарға ризашылығын білдірді.

Өз насихатында бас имам  тазалық – иманның жартысы екендігін ұғынған ата-бабаларымыз қабірдің айналасын таза ұстау мұсылмандығымыздың бір белгісі деп білгендігін де баса жеткізді.

Сонымен қатар, бейіттегі марқұмдардың рухына арналып қасиетті Құран бағышталды.

Қатысушы тұрғындар, жастар бейіт айналдасындағы қоқыстарды жинастырып, артық шөптерін жұлып, толық тазартудан өткізді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру