Маңғыстау облыстық орталық мешіті «Отан отбасынан басталады» атты қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық ұйымдастырды. Өкіл имам С.Сейтбеков көңілдері жабырқаулы жандарға өмірдің түрлі сынақтарына сабыр етулерін айта келіп, жасалып жатқан шара қайырымды жандардың демеушілігімен ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.
Қазіргі дағдарыс көптеген отбасылардың әлеуметтік жағдайларына кері әсер етіп жатыр. Шарасыз қалған жандардың көпшілігі соңғы үміт ретінде мешітке келіп, көмек сұрауда. Әрине мешіт имамдары келген азаматтардың бетін қайтармай, жамағаттардың демеушілігімен барынша қол ұшын беріп келеді. Маңғыстау облыстық орталық мешітінде мұқтаж жандарға арнап түрлі акциялар жиі ұйымдастырылып келеді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2016
4012
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру