Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен аймағы қазақ күресінен іріктеу сайысын өткізді

04.05.2016 3134 0 пікір

Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқараның спортқа деген қызығушылығын арттыру, қазақ күресін қолдау мақсатында қазақ күресінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, «Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің жүлдесі үшін» мешіт жамағаттары арасында өтетін республикалық турниріне Өскемен аймағы бойынша іріктеу сайысы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы орталығында болып өтті.

Дүбірлі бәсекені ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі ұйымдастырды. Сайысты өткізуге Көкпекті ауданының әкімдігі мен «Көкпекті аудандық мешіті» жан-жақты ат салысты.

Іріктеу турниріне әр ауданнан сайдың тасындай сыналған білекті палуандар қатысып, «Өгіз палуан» және «түйе палуан» жүлдесін сарапқа салды.

Сайысты тамашалауға Көкпекті жұртшылығы да молынан жиналып, палуандарды қолдап отырды.

74-келіден жоғарғы салмақтағы «Түйе палуан» белдесуінде Ұландық Әміренов Талғат топ жарып, Зарипханов Елдос 2-орынға ие болды. 

60-74 келі салмақта Өскемендік Измагилов Рустам 1- орын, Ажахметов Сержан 2-орындарды бөлісті.

Жеңімпаздарға Өскемен аймағының өкіл имамы марапат және ақшалай сыйлықтар тарту етті.

Жүлдегер палуандар алдағы мамыр айында Астанда өтетін республикалық турнирге жолдама алды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің  баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру