Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Өмірге үміт сыйла» атты шара өтті (ФОТО)

04.05.2016 3292 0 пікір

Ислам дініндегі қайырымды да сауапты істердің бірі – науқастанып қалған жанға қан беру. Яғни, қан беру – сауабы мол іс.

Әсіресе, сырқат пышаққа ілінгенде, яки көп қан жоғалтқанда қан беру – садақаның абзалы, әрі сауабы мол ізгі іс.

Өйткені, мұндай қиын сәттерде бұл кісіні ажал тырнағынан арашалап, құтқарып қалумен тең. 

Алла Тағала Құран-кәрімде: «Сол себепті Біз, Исрайыл әулетіне: «Қандай-да бір адамды өлтірмеген, жер бетінде бұзақылық жасамаған жанды нақақ өлтірген адам, барша адам баласын өлтіргенмен тең.

Ал ол жанды, (өлім аузынан) алып қалған кісі, күллі адам баласын (өлім тырнағынан) құтқарып қалғанмен тең»,- деген үкім шығардық»,- деп адам өміріне арашашы болудың маңыздылығын атап айтқандай.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Өмірге үміт сыйла» атты қан беру шарасы өткізілді.

Мешіт қызметкерлері мен мешітке келген жамағат түрлі аурулардан, жол апатынан зардап шеккен науқастарға қан беріп көмек көрсету мақсатында аталмыш шараға белсене атсалысты.

Өз кезегінде, облыстық қан орталығының басшылығы мешіт ұжымына алғысын білдірді.  

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру