Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бейбітшілік күніндегі бейбіт өмір (ФОТО)

03.05.2016 3994 0 пікір

Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының мұрындық болуымен 1 Мамыр Қазақстан халқының достығы мен бірлігі күніне орай, әртүрлі ұлт пен ұлыстан құрылған Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйінің 200 тәрбиеленушілеріне мешіт имамдары қуаныш сыйлады.

Орталық «Иман» мешітінің ауласында спорттық ойындар, ұйымдастырылып, кең дастархан жайылды. Жүрегі елжіреген мешіт имамдары балалардың барлығына, үлкен ойыншықтар, кауап пен балмұздақтар таратты. Көңілдері  марқайып қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері, имам ағаларына алғыстарын жаудырып қуанышпен тарқасты.


Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру