Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз насихат бөлімінің басшысы, Ғұламалар кеңесінің хатшысы, РһD докторы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы Қостанай өңірінде іссапармен болды. Бісмілләсін ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы полиция академиясының ұстаздарымен және білім алушы курсанттармен кездесуден бастаған Ершат Ағыбайұлы ақшам намазына жиналған мешіт жамағатымен кездесіп, уағыз насихат жүргізді.
Жалпы Ершат Ағыбайұлының келгендегі мақсаты үстіміздегі жылы 24 ақпандағы елордамыз Астанада ҚМДБ-ның өткізген «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбындағы республикалық конференцияда көтерілген мәселелер туралы халыққа кеңінен тарату болатын.
Соның жалғасы ретінде қаламыздағы «Достық» үйінде «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында өңірлік ғылыми тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференциядан соң қала және аудан имамдарына арналған «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында семинар болып өтті.
Бұл кездесуде Ершат Оңғаров қазіргі таңдағы ҚМДБ ның атқарып жатқан шараларының жүзеге асыру үшін барынша ат салысу керектігін тілге тиек етті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.05.2016
3376
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру