Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген және Оның (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі болатын.
28-сәуір күні Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі өзінің кезекті қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, арнайы тізім арқылы қалада тұратын, мұқтаж болған 30 отбасына азық-түлік және демеушілер арқылы жиналған әртүрлі киім-кешекті үлестірді.
Мына жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла Тағала мол-мол сауапты істерге ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.05.2016
3079
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру