Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің имамдарға жүктеген басты талаптарының бірі - сауатты әрі жан-жақты болу. Осы орайда Маңғыстау облысы бойынша мешіттерде қызмет етіп жатқан дін қызметкерлерінің сауаттылығын арттыру мақсатында, соңғы уақытта Діни басқарма тарапынан қабылданған құжаттар бойынша аталған дін қызметкерлері сынақ тапсырды. Сынақ тапсыруы тиіс 51 дін қызметкерінің 4-уі белгілі себептерге байланысты келе алмаса, 47 имам, найб имам мен ұстаздардың ішінде «өте жақсыға» - 10, «жақсыға» - 26, «қанағаттанарлыққа» - 11 адам сынақ тапсырды. Жалпы алғанда дін қызметкерлерінің дайындығы жақсы екені байқалды.
Діни басқарма қызметкері, «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан 28-ші сәуір күні маңғыстаулық дін қызметкерлерінен сынақ алып біткен соң, арнайы жиналыс жасады. Жиналыс барысында Діни басқарманың атқарып жатқан қызметтері мен қатар Діни басқармадағы бөлімдердің атқаратын қызметтеріне тоқталды. Әр бөлімнің қызметін және бөлім меңгерушісін арнайы слайд арқылы таныстырды.
Жиналыс соңында Алтынбек Ұтысхан қажы имамдардың өзіне қояр сұрақтар мен ұсынысы, өтініштері болса, айтуға болатынын жеткізді. Имамдар тарапынан бірнеше өтініш пен ұсыныс айтылды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.05.2016
3751
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру