Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

29.04.2016 3225 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Алматы қаласы өкіл имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен әлеуметті аз қамтылған отбасылардың балаларына қайрымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«APORT» ойын сауық орталығында болған игі шараға қатысқан балалар қызықты жағдайларға куә болып, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтеріп қайтты.

Шараның өтуіне  ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша жастар ісінің жауапты өкілі Есім Ержан атсалысты.

Балалардың қуанышын көрген ата-аналары ұйымдастырушыларға дән риза болып, алғыстарын білдірді. Шынында Адамзаттың абзалы болған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген болатын.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру