Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлық қоғам мен мемлекет тарапынан білдіретін ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» атты жиын өткізді.
Бұл алқалы шарада ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы және қалалық мешіттердің Бас имамдары арнайы қатысып, сөз сөйледі. Сонымен қатар, кездесуге мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктердің өкілдері болды.
Жиында сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы жан-жақты талқыланып, осы бағыттағы атқарылып жатқан істер баяндалды.
Кездесуде сөз алған Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Исламда пара алу мен пара беруге қатаң тыйым салған. Қоғамды мұндай келеңсіздіктен арылту үшін бірлесе күресуіміз керек. Бұл үшін алдымен республикалық және жергілікті ақпараттық топ өкілдері жат ағымдармен қатар парақорлыққа да қарсы насихаттар айту керек және бұл бағытта біздің имамдар бірлесе жұмыс жасауға әзір», - деп, тың бастамасын ортаға салды. Бұл ұсыныс шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан қызу қолдау тапты.
Өңірде алдағы уақытта Өскемен аймағы өкілдігі облыстық мемлекеттік қызмет істері басқармасымен осы бағытта бірлесе шаралар атқарып, насихат жұмыстарын жүргізуге келісті.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.04.2016
3427
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру