ҚМДБ жариялаған «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды акциясы аясында» Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті, «Өскемен орталық мешіті», «Защита», «Мұхамади» мешітінің қызметкерлері қалалық этно саябақтағы діни бірлестіктер аллеясына ағаш отырғызу шарасына қатысты.
Шараға сонымен бірге облыстық дін істері басқармасының басшылығы мен мамандары, қаладағы басқа да дін бірлестіктер жетекшілері ат салысты.
Қала тұрғындарының бос уақыттарында ең көп келетін демалыс орны осы саябаққа аталған мешіттердің қызметкерлері 60 түп әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Қаз қатар тізіліп жаңа отырғызылған жас көшеттер саябақтың көркіне көрік қосып тұр.
«Өскемендегі мешіт қызметкерлері әр апта сайын ағаш отырғызып, қаламыздың көрікті болуына үлес қосып келеді. Қалада ұйымдастырлатын әртүрлі сенбіліктерге ағаш отырғызу, көгалдандыру шараларына үнемі белсенді қатысамыз. Айналамыздың таза, әрі көрікті болуы барлығымыз үшін де жақсы», - деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Зауатбек Сайлауұлы.
Шараны ұйымдастырушылар мешіт қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.04.2016
3762
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру