Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау облысының 51 діни қызметкері сынақтан өтті

29.04.2016 3451 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі өңірдегі дін қызметкерлерін сынақтан өткізді. Аталмыш сынақтан Маңғыстау облысында қызмет ететін қала, аудан, ауыл имамдары мен дін қызметкерлері – барлығы 51 адам өткен болатын.

Сынақ комиссиясының құрамына енген, аттестациялауды өткізген ҚМДБ – ның жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек  Ұтысханұлы мен ҚМДБ – ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбековтың айтуынша, имамдар негізінен ҚМДБ тарапынан қабылданған 7 құжат бойынша сұрақтарға жауап берді. Атап айтар болсақ,  «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы» сияқты бағыттар мен «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша білім деңгейлерін көрсетті.  Сонымен қатар теріс діни ағымдар туралы, медресе қызметтерінің мәні, дін мен отбасы, отансүйгіштік сияқты тақырыптарға қатысты сауалдарға жауап берді.  

Комиссия қорытындысы бойынша,  Маңғыстау облысы бойынша 51 діни қызметкердің барлығы да берілген сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің білімдерін  жоғары деңгейден көрсете білді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру