Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Боз кілемде – қызылжарлық балуандар (ФОТО)

29.04.2016 3238 0 пікір

Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен III республикалық турниріне іріктеу сайысы болып өтті. Оған қатысқан әр ауданның балуандарын ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай құттықтап, сәттілік тіледі.

Отызға жуық балуанды тоғыстырған дода тартысқа толы болды. Нәтижесінде 60-тан 74 кг дейінгі салмақта бірінші орынды Ақжар ауданынан - Мәдиқажы Айғали, екінші орында Тайынша ауданынан - Касенов Қайрат, ал 74-тен 90кг бірінші орынды Тайынша ауданынан - Шоқан Әлжан, екінші орынды Шал ақын ауданынан Касенов Думан иеленді. Оларға медальдар мен грамоталар және қасиетті Құран Кәрім да табыс етілді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер Республикалық турнирге жолдама алды. Жарыстың соңында «Қызылжар» орталық мешіті сайысқа қатысқан бүкіл балуандарға ас берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру