Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ислам және зайырлы қоғам» атты облыстық семинар болып өтті

28.04.2016 3329 0 пікір

Атырау қаласы «Ренесанс» қонақ үйінің мәжіліс залында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және зайырлы қоғам» атты облыстық ғылыми-практикалық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты – ҚМДБ қызметкерлерінің (РАНТ мүшелерінің) заманауи білімін жетілдіру, ақпараттық - насихат тобының кәсібилігін шыңдау және зайырлы қоғамдағы діннің орны жайында айту болып табылады.

Семинар-конференцияға облыс, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары, облысымыздағы Жергілікті ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері, облысымыздағы мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ЖОО-ның профессорлары мен тарихшылар қатысты.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы: «Тарихымызға зер салсақ, имам қашан да бірліктің ұйытқысы болған. Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз деп айтуға болады. Құдайға шүкір, егемендігіміздің арқасында діндар қауымының да мәртебесі артып келеді»,-деп семинар-конференцияның кіріспе сөзін сөйлеп, қонақтарға «қош келдіңіздер» айтты.

Өкіл имамнан кейін «Зайырлылық дінді шектемейді» тақырыбында ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы;

«Ислам және тарих тағылымы» тақырыбында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Аққали Қабижанұлы Ахметов;

«Зайырлы қоғамда Ислам дінін насихаттау методикасы» тақырыбында «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының» директоры, теолог Қанат Әділханұлы Жұмағұлдар баяндама жасады.

Ғылыми-практикалық семинар ҚМДБ-ның өкіл имамы Батыржан Мансуровтың қорытынды сөзімен жабылып, өкіл имам өзінің қорытынды сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осындай бастамаларын халық арасында насихаттауға шақырып, қонақтарға алғысын білдірді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру