Елімізге арнайы іссапармен келген Сауд Арабиясы королдігінің Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейр бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітін арнайы зиярат етіп шықты. Құрметті қонақты мешітіміздің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өзі қарсы алып, құлшылық ордасымен таныстырды.
Орта Азия бойынша теңдесі жоқ алып мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, құнды жәдігерлерін тамашалаған Әділ әл-Жубейр өз таңданысын білдірді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сыйға тартқан көне Құран мен күмістен құйылған Құран парақшалары Әділ әл-Жубейрге ерекше әсер қалдырды. Мешіт ғимаратындағы дәрісханалар аралап, «Хикмет» телерадиостудиясы мен Muslim.kz сайтының редакциясына бас сұғып, жұмыс барысымен танысты.
Алыстан келген құрметті қонаққа қазақы дәстүрімізге сай құрмет көрсетіліп, естелікке халқымыздың ұлттық бұйымы торсық сыйға тартылды. Қазақ халқының ерекше дархан, жомарт екенін тілге тиек еткен саудиялық министр өз ризашылығын білдіріп, Серікбай қажы Сатыбалдыұлына өз сыйлықтарын ұсынды.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2016
3482
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру