Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бақытты болу – иманнан» тақырыбында кездесу өтті (ФОТО)

28.04.2016 3325 0 пікір

Еліміздің іргелі оқу орындарының бірі «Л.Н.Гумилев» атындағы Еуразия ұлттық университетінің Практикалық қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, исламтанушы Бақытжан Өткелбаев «Бақытты болу – иманнан» тақырыбында құрылысшы мамандығының студенттеріне дәріс оқыды.

Дәрісте бақыттың кілті байлықта да, мансапта да емес, имандылықта, парасаттылық пен көрегенділікте, елдің бірлігі мен ынтамағында, қанағаттылық пен сабырда, ата-баба ұстанып өткен дәстүрлі дініміз бен салтымызда, мәдениетіміз бен менталитетімізде екендігі мысалдармен кеңінен түсіндірілді.

Әуелі студенттердің осы тақырыпқа арнап даярлаған тәрбиелік мәні бар бағдарламалары тамашаланды. Дәріс соңында дін саласында қоғамда туындаған өзекті мәселелер жөнінде сұрақтарына шәкірттер тұщымды жауаптар алды. Кездесуге кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қуандық Құлманов, оқытушы-профессорлар құрамынан ф.ғ.к., Нұрлан Мансұров, ф.ғ.к., Алдан Мұсабекова т.б. қатысты. Дәріс соңында студенттер имамға өз алғыстарын білдіріп, сыйлық табыстады.

muslim.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру