Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"МЕЙІРІМ" орталығы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

27.04.2016 3432 0 пікір

Бір жеті он күннің қарасында Ақтөбе облыстық орталық "Нұр-ғасыр" мешіті әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға "Мейірім" атты қайырымдылық орталығын ұйымдастырды.

Мақсаты - күн көрісі қиын, киер киімі бола бермейтін, отбасылық қаражаты көтере бермейтін жандарға рухани демеу беру, материалдық көмек көрсету. Бұл орталықтан кішкене баладан қарт қарияға дейінгі аралықтағы адамдарға арналған дүниелік заттарды табуға болады әрі тегін үлестірілуде. Әрине, бір адамға бір заттан артық берілмейді, себебі сұраныс та, тапсырыс та көп.

Жылдың төрт мезгіліне арналған әйел мен ерлер, бала мен жастар киімдері, сол тұрғыда аяқ киімдер, балалар ойыншықтары, жылы көрпешелер, кілем төсеніштер және т.б. заттарды дүкен сөресінен алғандай жаңа күйінде ала алады. Орталық бір апта ішінде 200 - ге жуық отбасыны қамтып үлгерді. 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру