Елордалықтар үйлерін су шайған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына 15 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді.
«Астана асары» қайырымдылық шарасын қаладағы 8 мешіт бірлесіп ұйымдастырған. Тасқыннан зардап шеккендердің жағдайына бей-жай қарай алмағандар қысқа уақыттың ішінде 2 млн 700 мың теңге жинаған.
Бұл қаражаттың бір бөлігіне 200 жанұяға арналған азық-түлік пен тұрмыстық заттар сатып алыныпты. Қалғаны мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек ретінде үлестірілмек.
Ержан Малғажыұлы, ҚР ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти:
-Мұнда тұрмысқа қажетті барлық заттар бар. Балалардың жөргектеріне дейін қарастырылды. Жалпы сомасы 3 млн теңгеге жақын. Оның 313 мың теңгесін ақшалай апара жатырмыз. Аз берсе де, көп берсе де, барлығының істеп жатқаны – Алла алдындағы үлкен сауап.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2016
3327
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру