Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар сынақтан өтті (ФОТО)

27.04.2016 3375 0 пікір

Жаңа технологиялардың қарыштап дамыған ғасырында білімді де білікті мамандар бізге өте қажет. Бүгінде ұлттық құндылықтарымыз жаңарып, халқымыздың дінге қызығушылық пен сауатымыз артып келеді. Сол себептен де бізге сауатты, еңбекқор, кез келген діни мәселені шеше алатын білімі мен біліктілігі толысқан имам - молдалар ауадай қажет. Осы орайда имамдарымыздың біліктілігін, білімін арттыру мақсатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай барлық аймақтағы дін қызметкерлерінің біліктілігіне арналған құжаттар аясында кешенді сынақ өткізілуде.

Атырау облысына қарасты барлық имам - молдалар мен ұстаздар сынақ тапсырып жатыр. Аталмыш кешенді сынаққа ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы төрағалып етті. Алғашқы болып сөз алған ҚМДБ-ның өкілі Алтынбек Ұтысханұлы тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттеріне, құрылымы мен мазмұны және негізгі стратегиялық бағыттарына тоқталып, барлық сынақ тапсырушыларға сәттілік тіледі.

Кешенді сынақты түске дейін қала мешіттеріне қарасты имам - молдалар мен ұстаздар тапсырса, түстен кейін облысқа қарасты жеті ауданның дін қызметкерелері тапсырады.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Имамдар сынағы қорытындыланды


Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай, бүгін Атырау облысына қарасты барлық дін қызметкерлері кешенді сынақтан өтті. Дін өкілдері ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт құжаттан, яғни екі тұжырымдама және «Дін мен дәстүр» бағыттары бойынша сынақ тапсырды.

Жалпы Атырау облысы бойынша 29 мешіт бар. Атырау қаласы бойынша 6, аудан және ауыл мешіттерін қосқанда 23 мешіттің дін қызметкерлері сынақ тапсырды.

Сынақ қорытындысы бойынша, жалпы 39 адам қатысып, 5 имам "өте жақсы", 29 имам "жақсы", 7 имам "қанағаттанарлық" деген бағаға ие болды. 2 қызметкер қатыса алмады, 6 имам науқастануына байланысты келе алмады. 

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру